АҚШ Президенті Дональд Трамп құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Президенті Дональд Трамп құттықтау жеделхатын жолдады

25.06.2019

Ақ үйден Ақордаға ақжолтай хат келді. АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты президент болып сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады. «Мен ортақ қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау үшін, біздің терең стратегиялық әріптестігімізді ілгерілету ісінде Сізбен ынтымақтастыққа үміттенемін. АҚШ Қазақстанмен мығым әріптестікті бағалайды. Орталық Азия мен жаһандық деңгейдегі ортақ мүдде аясында Сізбен және Қазақстан халқымен бірлескен жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Жұмысыңызға мол табыс тілеймін», – делінген Дональд Трамптың хатында.

 

Альбина ӘШІМ

 

Хабарламаларға жазылу