«Керекуден көмек» қолдау акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Керекуден көмек» қолдау акциясы басталды

25.06.2019

Павлодар облысында 5 мыңнан аса мемлекеттік қызметшілер бар. Олар бірауыздан бір күндік жалақысын Арыс тұрғындарына көмек жасауға арналған қорға аударатын болды.

Қазіргі уақытта аймақта 100-ден аса мешіт жұмыс істейді. Олардың бәрінде жарылыстан зардап шеккен адамдарға жеңілдік ретінде дұға оқылып, бауырларға қайырымдылық жасау қажеттігі жайында уағыздар айтылып жатыр. Сондай-ақ орталық мешіттің ұйытқы болуымен «Кереку көмегі» атты қайырымдылық қоры ашылды. Оған қаржы аударуға алдымен дін өкілдері бастамашы болды. Қазір кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар және жеке адамдар қолдау білдіріп жатыр.

Елбек Тасболатұлы, Мәшһүр Жүсіп Орталық мешітінің найб имамы:

Қор ашылды. Кереку өңірі бойынша белгілі адам тағайындалып, осы шотттар ашылып, халыққа насихатталып, топтарға жіберіліп жатыр. Халық қолдап, өзінің ақшаларын салып жатыр. Қомақты ақша жиналып жатыр. Бұйыртса, осы жұма намазынан кейін, осы Арыс еліне «Зекет» қоры арқылы жіберетін боламыз.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу