Еліміздегі көпбалалы отбасылардың көтерген мәселесіне айрықша мән берілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі көпбалалы отбасылардың көтерген мәселесіне айрықша мән берілуде

24.06.2019

Осы уақытқа дейін аналар тарапынан айтылып келген ұсыныстар жиынтықталып ол бойынша арнайы жол картасы дайындалуда. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Ведмоства басшысы барлық облыспен онлайн тікелей байланысқа қосылып әлеуметтік саладағы барлық шаруаны рет-ретімен баяндап берді. Оның айтуынша, еліміз бойынша 277 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленіп үлгерген. 1 миллионнан астам азаматтық қызметкердің айлығы 30 пайызға өскенін жеткізді. Сонымен қатар, базалық зейнетақының орташа мөлшері 85 мың теңгеден асқан. Тұтастай алғанда қазақстандықтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің 39 түріне мемлекет тарапынан кепілдік берілнгенін айтты. Мәселен биыл әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке бөлінген қаражат көлемі 674 млрд. теңгеге өсіп, 3,3 трлн. теңгені құраған. Бұл республикалық бюджет шығыстарының 28% -ын құрайды. Алдағы уақытта, жауапты министрлік азаматтардың әлеуметтік бағдарламаларға қатысуын оңтайландыру мақсатында электронды қызмет түрлерін жандандырмақ.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Қазақша айтқанда тәубе деп айтуымыз керек Қазақстанда адамдардың оның ішінде балалардың санының өсіп жатқанын көріп тұрсыздар 400 мың бала жылына дүниеге келеді. Біз енді ол балалардың өздеріне, анасына мемлекет есебінен 4 түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бір жылда орта есеппен 243 млрд теңгенің көмегін көрсетіледі. Бұл ретте олардың құжаттарын тезірек алуына жұмыс жасауымыз керек.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу