Сенат ядролық қаруды сақтауға тыйым салатын заңды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат ядролық қаруды сақтауға тыйым салатын заңды қабылдады

24.06.2019

Шарт - ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжат болып саналады. Оның ережелеріне сәйкес, ядролық қаруды пайдалануға әрі қолдану тұрғысынан қорқытуға тыйым салынған. Қазіргі уақытта шартқа 70 мемлекет қол қойды, 23 мемлекет ратификациялады. Құжатты ратификациялау Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларымен толықтай сәйкес келеді. Осы заң жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етпейді. Жалпы отырыста сенаторлар Үкіметке 16 депутаттық сауал жолдады. Олар еліміздің барлық саласын қамтиды. Ал жоғары палата спикері Дариға Назарбаева депутаттық сауалдардың нәтижесі болуы қажеттігін айтты. Тіпті қажет болса, лауазым иелерін комитет оытырысына , парламенттік тыңдау немесе үкімет сағаттарына шақыру керек деді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының спикері:Меніңше осы Сауалдар бойынша әрбір комитет нақты жұмыс жүргізуі керек. Оның жауабы сіздерді қанағаттандырса жарайды дейсіздер, толық жауап келмесе комитет отырысында талқыланып, қарау керек деген ойым бар. Талқыланып жатыр, қаралып жатыр деген бізге жауап емес.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу