Енді жаңа туған сәбиді халыққа қызмет көрсету орталығына бармай- ақ, бірден тіркеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді жаңа туған сәбиді халыққа қызмет көрсету орталығына бармай- ақ, бірден тіркеуге болады

24.06.2019

Түркістан облысында проактивті қызметтерді пайдаланушылар саны күн санап артып жатыр. Бұрын осы жүйе арқылы жас босанған ана перзентханадан шығам дегенше туу туралы куәлікке, әлеуметтік жәрдемақыға, балабақша кезегіне тіркей алатын. Енді оған сәбиді мекенжай бойынша тіркеу қызметі қосылды. Бұл бала туу көрсеткіші өте жоғары өңір үшін өте тиімді болып тұр.

Ұлжалғас Бүркітбаева, жас босанған әйел:

Алғашқы балаларда ХҚКО-ға барып жүретінбіз. Өте ыңғайсыз еді. Босанғаннан кейін сыртқа шығып, қазір өте ыңғайлы. Электорнды түрде. Осыны үйымдастырып отырған корпарацияға алғысымыз.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу