Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылда атқарған игі істері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылда атқарған игі істері

21.06.2019

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері бұл тікелей Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Кеңес одағынан тұралап қалған экономикасы, шегенделмеген шекарасы, қиын саяси-әлеуметтік мәселелері бар мемлекетті мұра қылып қабылдаған ол тарих үшін қысқа ғана уақытта қуатты елге айналдыра білді. 30 жылға жуық ел басқарған кемел басшысының жарқын жеңістері, тұтас мемлекеттің бағындырған белестеріне айналды.

 

Назарбаев дәуіріне кейін тарихшылар ең бейбіт, әрі жедел даму кезеңі деп бағасын берер. Себебі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары кеңес одағы ыдырап, мемлекеттер тарап жатқан кезде бұрынғы одақтас мемлекеттердің барлығында түрлі шиеленістер болды. Алайда мұндай жайттар Қазақстанды айналып өтті. Көпұлтты Қазақстан өзінің мықты көшбасшысына сеніп, соның артынан ерді.

 

Сәт Тоқпақбаев, Қазақстанның мемлекеттік қайраткері:

 

Көп адамдармен сөз тауып. Біздің деңгейімізді, елдін деңгейін, отанымыздын деңгейін жоғарыға көтерді ғой. Тәуелсіздік алған қиын уақыттарда, қазақ халқының бағына Нұрсұлтан Әбішұлы, қазақша айтқанда, біздін патшамыз болды. Адами қасиеттердің арқасында, Қазақстан қалай гүлденіп отыр.

 

Қиын экономикалық жағдайға қарамастан Президент 1995 жылы Елорданы Алматыдан Сарыарқа төсіне ауыстыру туралы бастама көтерді. Араға екі жыл салып мемлекеттік қызметкерлердің алғашқы көші арқа төсіне келіп жайғасты. Әлем картасында жаңа астана пайда болды. Елорда тәуелсіз еліміздің айбары мен айдынына айналды. Қазақстанның бүкіл елді мекендерінің жаңғыруына үлгі болды. Бұл бұқараның өмірі мен санасына серпіліс әкелді.

 

Атамұрат Шаменов, қоғам қайраткері:

 

Ал бұл кісінің ойы, санасы, ойлауы шахматтық жолмен салыстырғанда, 7-8-9 жолға алдын ала барлығын жоспарлап, реттеп отыратын. Міне, бұл адамға берілген қасиет. Міне, осындай қасиеттің арқасында, біздің сол ауыр жылдарымызда егемендіктің, көп мәселелер шешілді.

 

Нұрлан Оразалин, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері:

 

Кез-келген өнер адамымен сөйлескен кезде, ол кісінің жаратылысын біліп отырады. Және қандай шығармасы бар екенін. Әсіресе, мына біздің әдебиетшілерімізді қабылдаған кезде ол кісілердің шығармаларын оқып, пікір айтып, бағасын беріп. Жалпы, біз қазақ әдебиетімен ғана шектеліп қоймай, кешегі ұлы жырауларымызбен ғана шектеліп қоймай, әлемдегі әдебиетті де қатты қадағалап, оқып отыратын.

 

Қазақстан Назарбаевтың президенттігі тұсында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің жемісті үлгісін көрсете білді. Барлық құқықтық, экономикалық механизмдер қалыптасты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан шетелдік ірі кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатып, сауда-саттықты жолға қоя білді. Орталық Азияға құйылған шетелдік инвестицияның 80 пайызы Қазақстанға бағытталды. 30 жылдың ішінде дамудың «Қазақстандық жолы» және «Назарбаев моделі» қалыптасты. Бұл Елбасының батыл қадамдарының, тарихи шешімдерінің және оған қолдау көрсеткен халқымыздың бірлігінің арқасында келген үлкен жеңіс.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу