Ақтауда еліміздің сот жүйесін жаңғыртуға арналған батыс өңірі бойынша көшпелі отырыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда еліміздің сот жүйесін жаңғыртуға арналған батыс өңірі бойынша көшпелі отырыс өтті

21.06.2019

Алқалы жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары мен сот жүйесіндегі білікті мамандар қатысты. Отырыста сот мәртебесін көтеру, процестерді жеңілдету және жеделдету, халықтың сотқа деген сенімін арттыру, құжаттарды электронды түрде тапсыру сияқты бірқатар мәселе көтерілді. Сондай-ақ, Мәжілісте қарауда жатқан жаңа заңнамалар талқыланды.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, азаматтардың сот шешімінің артында жүру, қайта-қайта алаңдауын азайтуға, жүріс-тұрысын азайтуға арналған. Қазір сот жүйесіне судьяларды іріктеу, білім жағынан сыннан өткізу, талаптарды қатаңдату, басты белгі — халықтың сотқа сенімін ұлғайту.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу