Биыл елімізді газдандыру деңгейі 50 пайыздан асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізді газдандыру деңгейі 50 пайыздан асады

21.06.2019

Басты назарда «Сарыарқа» магистральді газ құбыры. Қазір Жезқазған қаласына жақын маңда дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде Елордамен бірге алғашқы кезеңде Қарағанды облысындағы бірқатар қалалардың 171 елді мекені, яғни 150 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынмен қамтылады. Ал бүгінде 9 млн. адам газдың рахатын көріп отыр. Енді 13 өңір бойынша 100-ден астам жоба іске асырылып тағы 1 млн.-нан астам халық көмір жағудан біржола құтылмақ.

 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

 

Ары қарай Алматы облысының газ жүйесін дамытатын боламыз.Ары қарай Нарынқол жаққа, Кеген жаққа құбырларды тартатын боламыз.Атсалысып, бірігіп, жергілікті әкімдермен бұл мәселені ары қарай жалғастыратын боламыз. Түркістан облысында да тиісті жүйені қалпына келтіріп, оны да қолға алып отырмыз қазір. Және Жамбыл облысында біраз қыруар шаруа жасау керек. Сол индустрияда.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу