Тәуелсіз Қазақстан тарихында Елбасының еңбегі ерен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіз Қазақстан тарихында Елбасының еңбегі ерен

21.06.2019

Егемендікке жеткенмен елдің еңсесін тіктеп, мұратқа жеткізу міндеті тұр еді. Мұны ойдағыдай орындап, дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіргізді. Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық шешімдер қабылдаудағы еңбегі әлемдік аренада жоғары бағаға ие. Мәселен бірқатар ірі әлемдік ұйымдардың құрылуына мұрындық болуы, төрағалық етуі және олардың жиындарын елімізде өткізуі сыртқы саясаттағы салмағымызды арттыра түсті.

 

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру, Еуразиялық экономикалық одақ, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі идеяларының авторы – Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалаушылардың бірі – Қазақстан. Әлем бізді бітімгер мемлекет ретінде таныды. Конфессияаралық келісімнің тиімді моделі құрылды.

 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу