Өңірдің тарихи тұрпатын, халықтың әлеуметтік ажарын таспалауға талпынған жастар енді сонда жиналады. Оларға елімізге белгілі фотограф, Асылхан Әбдірайымұлы осы мамандықтың қыр-сырын үйретеді. Фотоклуб халықаралық қазақ-түрік университетімен тікелей жұмыс істейді. Олар түрлі тақырыптарда фотоэкспедициялар ұйымдастырып, өңірдегі туризмді дамыту ісін насихаттайды.Орталықтың ашылу салтанатында сондай шығармашылық жорықтардың нәтижелері көпшілік назарына ұсынылды. Оның ішінде Түркістан, Созақ, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас және Қазығұрт өлкесіндегі киелі, табиғаты сұлу жерлерінен, халықтың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін ең таңдаулы 40-қа жуық сурет бар.
Асылхан Әбдірайымұлы, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Кез келген сурет астына түсініктеме жазбай сөйлеп тұру керек, айтып тұру керек. Ой, компазиция, өзінің көзқарасымен мысалы, кесенені, бір сәтті адам байқай бермейтін жақсы ракурстардан алынған суреттерді қойдық.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ