Мемлекет жастарға жағдай жасап отыр, бірақ олар Үкіметтің көмегі мен бағдарламаларынан бейхабар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет жастарға жағдай жасап отыр, бірақ олар Үкіметтің көмегі мен бағдарламаларынан бейхабар

20.06.2019

Мемлекет жастарға барлық жағдайды жасап отыр, бірақ олар үкімет ұсынатын көмек пен бағдарламалардан бейхабар. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру рәсімінде айтылған он негізгі басымдық талқыланған жиында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова айтты.

Вице-министр, жастарға барлық салада қолдау бар екенін, алайда оның тетіктерін жастар білмейді, не түсінбейді. Сондықтан қазіргідей телеарналар мен газет арқылы ғана емес, әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деді. Сарапшылар Президенттің бастамаларында бұрыннан келе жатқан мәселелердің көтерілгенін, енді оларды ұрандатып, сөз жүзінде қалдырмай нақты іске асыру маңызды деген ой айтты. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институында өткен жиында мамандар мемлекеттік саясатты шынайы өмірге жақын, қарапайым халыққа түсінікті етіп жүргізетін кез-келді деген ортақ пікір білдірді. Ол үшін ең алдымен бұрын қабылданып, кейін орындалмай қалған реформалардан сабақ алу керек.

 

Әлия Мұхамеджанова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры:

 

А корпусына кадр жасақтау кезіндегі қателерді қайталамау керек. Оған кіру үшін көп адам іріктелді. Заңнама мен біліктілікке қатысты тест тапсырып, әңгімелесуден өтті. 2-3 жыл бойы резервте тұрып, ақыры қызметке алынбады. Есесіне  резервте жоқ азаматтар қызметке тұрып жатты. Жастар кадрлық резервін жасақтауда мұны қайталауға болмайды.

 

 Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу