Энергетика министрі: АЭС салу туралы сауал әлі қоғам талқысында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика министрі: АЭС салу туралы сауал әлі қоғам талқысында

20.06.2019

Атом электр станциясын салу-салмау туралы сауал әлі қоғам талқысында. Бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың есеп беру кездесуінде мәселе кезекті рет көтерілді. "Негізі еліміз электр энергиясынан тапшылық көріп отырған жоқ. Тіпті қуат көзі артық, 2027 жылға дейін анық жетеді. Олай болса, атом электр станциясы құрылысының қажеттілігі қанша",- деді министр. Бірақ тиісті зерттеулер жүргізіліп жатқанын жасырмады. Әйтсе де халықтың пікірі міндетті түрде ескерілмек. Сондай-ақ жиында Қазақстан 85 мың тонна бензинді экспорттайтыны айтылды.

 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

 

Үш бірдей мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталып ішкі нарықтың бензин, дизель және керосинге деген сұранысы отандық өндіріс есебінен 100 пайызды қамтылып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ бензинді сыртқа шығаруға қызығушылық танытып отыр.  Ал сатуға келсек, оларға нақты талап қойылды. АИ-92 бензинін 60-70 мың тонна, ал Аи-95 бензинін 10-15 мың тонна көлемінде экспорттауды жоспарлап отырмыз.

 

Биыл еліміз 90 миллион тоннаға жуық мұнай өндірмек. Осы жылдың 5 айында 37  миллион тоннаға жуық қара алтын өндірілген. Энергетика министрі бұған  Қашағандағы жөндеу жұмыстарының септігі тигенін айтады. Яғни рекордтық көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берген.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу