Әділдік орнататын жаңа орган пайда болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділдік орнататын жаңа орган пайда болуы мүмкін

20.06.2019

Заңгерлер халық пен лауазымды тұлғалар арасындағы дау-дамайды арнайы мамандандырылған әкімшілік сотта шешуді ұсынады. Бұл жүйе әлемдік деңгейде әлдеқашан қолданылып әрі нәтижесін көрсетіп жүр,-дейді. Негізінен жеке адамдар тарапынан мемлекеттік органдарға арыз-шағым жиі түседі. Бірақ қандай да бір шара қолданылуы неғайбыл. Ал әкімшлік сот жүйесінде мекемелерде қабылданған құжат заңсыз болса оның күшін жоюға мүдделі.

Рамазан Сәрпеков, ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры:

Себебі, лауазымды адам немесе мемлекеттік орган бүкіл құжат солардың қолдарында. Сол құжатты дайындаған солар. Олар көбіне өзінің мүддесіне қарай, өздерінің жағадайына қарай дайындайды.

Осы сотқа тағайындалатын судялардың өзінің де мәртебесі ерекше болу керек. Оның негізгі көзқарасы жеке адамның пайдасын шешіп беру тұрғысыда ғана жұмыс істейді деген мәселемен айтып отырмын.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу