Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына төменгі палатаның қазіргі жұмыстары, нәтижелері мен заң шығару жұмыстары, сондай-ақ, биыл 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесін өткізудің дайындық барысы жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жүргізіліп жатқан реформаларды және заң жобаларының уақтылы қабылдануын сапалы әрі заңдық тұрғыдан сүйемелдеу қажеттігін айтты. Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.
Оңғар АЛПЫСБАЙ