«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты пікірлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты пікірлер

19.06.2019

Қостанай облысында студенттер дәріс сабақтарымен шектелмей, әскери дала жаттығуларына қатысады. Қостанайдағы жоғары оқу орындарың бірі, Қорғаныс департаменті және «Қарулы  күштер ардагерлері»  қоғамдық бірлестігі арасында осындай үшжақты меморандумға қол қойылды. Соның аясында алдағы іс-шаралар жоспары бекітілді. Ал Ақтаудағы әскери полигонда жүздеген сарбаз алғаш рет қолына қару алып, оқ атуды үйренді

Жанат Беласарова, Облыстық білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі сектор меңгерушісі:

Бағдарлдамаға сәйкес, алдағы айда колледж студенттерінің арасында әскери дала  оқу -жаттығу өткізіледі. Тек қана ұл балалар қатыспай, қыз балалар да белсенді қызығушылығын арттырып келеді. Олар медициналық көмек көрсету жаттығуларын үйреніп жатыр. Мұның бәрі әскери-патриоттық сезімдерін артырады деген ойдамыз.

Бексұлтан Жаңылхан, Ұлттық ұлан сарбазы:

Әскер қатарына шақырылғалы бері атыс полигонына енді бүгін ғана келгеніміз. Біздің командирлер бізге әртүрлі атыс құралдарын таныстырып, үйретуде. 1 айдан кейін біз әскери ант қабылдаймыз. Әскери ант қабылдағаннан кейін өздігімізден қызмет атқарамыз.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу