Ақтоғай ауданының азаматтары мәдениет орталығын салып, жолын жөндеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтоғай ауданының азаматтары мәдениет орталығын салып, жолын жөндеп берді

19.06.2019

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданының  Жамбыл ауылы «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында қайта түледі. Осы топырақтан шығып, бүгінде әр түрлі салада еңбек етіп жүрген  азаматтар ауылға мәдени орталық салып берді. Ал, оған дейін ауылға кіре беріс жолды жөндеген. Елі ішіндегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Туған жерді түлетуге атсалысып жүрген жанашыр азаматтар енді ауыл көшелерін жарықтандырмақ. Айта кету керек, ел тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта 60 үйлі Жамбыл ауылында бірде-бір жаңа нысан салынбаған екен. «Туған жерге туынды тік!» жобасы аясында игілікке қол жетті дейді тұрғындар.

Абызбай Адамов, Жамбыл ауылының тумасы:   

Рухани жаңғырудың көрінісі. Елін ер ғана көтереді, ерді ел ғана көтереді. Сондықтан ойлап-ойлап біраз жігіттер осыны бастадық. Бірақ бәріне ел көмектесті. Осының іргетасын қалағаннан бастап соны шығарды.

 

Қабдолла Нұрпейісов, Жамбыл ауылының тумасы:

Бұл елге қажет нәрсе. Біз мемлекетке сеніп отырмай, өз күшімізбен ел болғаннан кейін, еліміздің ішінде ер азаматтар болғаннан кейін осыны бәріміз жұмылып, «көп түкірсе көл» деген сияқты бәріміз өз ақшамызды қосып, осындай іс-әркет істеп отырмыз. Жақысылық халыққа деген.

 

Болат АМАНБАЕВ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу