Қазақстан мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы құжат ратификацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы құжат ратификацияланды

19.06.2019

Енді қазақстандық ғалымдардың әйгілі ЦЕРН коллайдерінде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауына мүмкіндігі бар. Бүгін Мәжіліс Қазақстан мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы құжатты ратификациялады. ЦЕРН дегеніміз — физика және жоғары энергия бағытындағы әлемдегі ең ірі зертхана. Ол Франция мен Швейцария елдерінің шекарасында орналасқан. Онда тұрақты түрде 2400 ғалым жұмыс істейді. Енді қазақстандық ғалымдар да осы алып лабороторияда тағылымдамадан өтіп, сынақ-тәжірибелерге өз үлесін қосады. Қазақстан бұл ұйымға бақылаушы ретінде кірді. Алдағы уақытта Қазақстан Үкіметі халықаралық ұйыммен ядролық медицина және ядролық физика бағытында әріптестік орнатуды жоспарлап отыр.  

 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

ЦЕРН-мен ынтымақтастық біз үшін аса маңызды. Оның келешегі зор. Біріншіден, ол -  ресурстарды басым бағыттарға шоғырландыруға, яғни алдымен іргелі білім кейін технологиялар бойынша болашаққа серпінмен жол бастауға мүмкіндік береді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу