Былтыр ғаламтор арқылы жүргізілетін онлайн сауданың үлесі 2 пайызға артып, көлемі 92 миллиард теңгеге ұлғайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Былтыр ғаламтор арқылы жүргізілетін онлайн сауданың үлесі 2 пайызға артып, көлемі 92 миллиард теңгеге ұлғайған

19.06.2019

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру кездесуінде айтты. Оның сөзінше, алдағы 5 жылдың ішінде электронды сауда айналымы 1 триллион долларға артпақ.

Онлайн-сауданы ынталандыру үшін табыс салығы бірнеше жылға алынып тасталған. Сондай-ақ, экспортқа арналған тауарларды декларациялау да жеңілдетілген. Ведомство басшысы қарқынды дамып келе жатқан тиімді секторды қолдауға қатысты өзге де шараларды атап өтті.

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика минстрі:

«Біз Еуропа мен Қытай арасында орналасқан мемлекет болғандықтан, тұтынушы мен сәлемдемелерді жөнелтушілердің арасындағы байланыс жақсы дамыған. Инфрақұрылымдық жағдай да жасалған. Сондай-ақ, сәлемдемелерді рәсімдеу үшін кедендік түзетулер енгізілген. Алға қойып отырған мақсатымыз – Қазақстан арқылы интернет-сәлемдеме транзитін 6 есеге ұлғайту.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу