«Сақ алауы» атты мерекелік бағдарламада келушілерге атақты «Алтын адамның» құпиялары айтылды.
Музейдің археологтары жүргізіп жатқан Рахат қалашығының орнындағы қазба жұмыстары да таныстырылды. «Тас бетіндегі өнер» атты шығармашылық сабақтар өткізіліп, шеберлер осы заманға сай қолданбалы өнер туындыларының көрмесін ұсынды. Ашық аспан астында «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Күлтегін», «Мұзбалақ», «Қазақ елі» мультфильмдері көрсетілді. Балалар арасында асық ату, арқан тарту, садақ ату, күрес пен квест-ойындарынан да сайыстар ұйымдастырылды.
Тасқын Тойбаев, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры:
Бұл мәдени іс-шараның аясында ең алғаш біздің «Алтын адамды», тәуелсіздігіміздің символын дәріптеудің мақсатында істеліп отыр. Одан бөлек, бұл іс-шара тарих пен бүкіл елді жастарды тәрбиелеудің таныстырып, тәрбиелеудің мақсатында ұйымдастырылып жатыр.
Аманкелді СЕЙІТХАН