Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Грузия, Литва және ТМД елдері дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті.
Жиынға Беларусь, Ресей, Армения, Украина, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Әзербайжан мемлекеттерінің Қазақ жеріндегі елшілері қатысты. Кездесуде Ассамблеяның алдағы жоспарлары талқыланды. Аталмыш ведомствоға «Атамекен» палатасымен бірігіп, Кәсіпкерлер қауымдастығының жұмысын жаңа деңгейге көтеру тапсырылған болатын. Тараптар сол бойынша түрлі этнос кәсіпкерлерінің тарихи отанымен іскерлік қарым-қатынасын жолға қоймақ. Басқосуда бірлескен жұмысты жандандыру үшін ұсыныстар тыңдалды.
Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіпкерлер қауымдастығының жұмысына ерекше тоқталып, Ассамблеяға даму бағытындағы бірқатар маңызды тапсырма жүктеген болатын. Бұл ретте шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастық пен іскерлік байланысты нығайтып, елге инвестиция тарту үшін Ассамблеяның шетелдік достары клубын құру жүктелді.