Жаһанның үздік математиктері тұңғыш рет Нұр-Сұлтанда бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаһанның үздік математиктері тұңғыш рет Нұр-Сұлтанда бас қосты

17.06.2019

Бүгін Елордада 16-шы Азиялық логикалық конференция басталды. Бір аптаға созылатын шараға әлемнің 30 елінен жүздеген математик қатысып жатыр.

Жиналғандар бес күн бойы бес бағыт яғни, модельдеу, есептеу-тиімділік, жиындар, философиялық логика теориялары және логиканың компьютерлік қолданыстағы нұсқасы бойынша мәселелерді қаузайды. Бұдан бөлек, математика, ақпараттық технология саласындағы соңғы жаңалықтармен бөлісіп, ғылыми зерттеулерді талқылайды.

Әлбетте, ғалам математиктері арасындағы әріптестікті нығайту жайы да сөз болмақ. Айта кетейік, 2 жылда бір рет ұйымдастырылатын конференцияға тек Азия елдерінің ғалымдары ғана емес, өзге де мемлекеттердің математиктері шақырылған.

Манат Мұстафа, ұйымдастырушы:
Келетін баяндамашылардың барлығы өзінің жаңа алған нәтижелерін, жаңа шешкен есептерін әкеледі. Олар бұрын шешкен есептерін әкелмейді бұл жерге. Ол іріктеуден өтеді. Есептерді әкеліп, бүкіл әлемге шешіңіздер деп таратады. Сол арқылы әдістерін үйретеді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу