Алматыда «Жаңа толқын 100+» атты Республикалық жастар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жаңа толқын 100+» атты Республикалық жастар форумы өтті

14.06.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған бұл жиынға әр өңірден көшбасшы жастар шақырылған. Олар қолға алынған жаңа жобаларымен таныстырып, атқарылған жұмыстарын қорытындылады.

 

Форумның мақсаты - еліміздің экономикасына және басқа да салалардың дамуына сеп болар жобаларға қолдау көрсету. Мысалы, Алматы жастары  өнертабыстарды іріктеп, оған қаржы салатын инвесторларды ідестіруде. Ал, қызылордалық жастар үш тілді дамыту жобасын қолға алыпты.

    

Аслан Абуов, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы Ақтөбе облысы филиалының төрағасы:

 

Барлық жастар құр қол келген жоқ. Өзінің өңіріндегі проблемаларды көтеріп, соны шешу жолдарын бүгін ұсынып жатыр. Бұл жиында бір-бірімізден өте көп тәжірибе алатынымызға сенімдіміз. Өйткені, қазіргі таңдағы проблемалар жастардың белсенділік деңгейінің төмендігі, жұмыссыздық, осы секілді проблемалар көп.

 

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу