Президент айтқан «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі» – билік пен халық арасындағы байланысқа тың серпін беруі тиіс. Саясаттанушылар осылай дейді. Олар бұл бастама елдегі қазіргі жағдайды реттеуге бағытталған сәтті қадам деп есептейді.
Айдос Сарым, саясаттанушы:
Көптеген мәселе шынын айту керек қоғамдық келісім мен сенімді қажет етеді. Бізге қоғамға қазір көптеген реформа керек. Олардың төңірегінде шыны керек бүгніде популизмде басым, негативизмде басым. Сондықтан қалай мәселе болғанда да, әсіресе, ірі экономикалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды қарайтын болсақ, онда олардың айналасында біріншіден, шынайы жақсы талқы өтуі керек. Екіншіден, барша қоғам оған өзінің бір ымырасын, келісімін беруі тиіс.
Сайполла Сапанов, тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы:
Әлеуметтік мәселелер бар. Оны шешудің механизмдері бар. Сондықтан да мен ойлаймын ешқандай да алаңдаушылық болмау керек. Меритократия принципін жариялап жатыр ғой. Яғни, меритократия дегеніміз- адамның қабілетіне қарай жұмыс жасауға мүмкіндік беру. Президенттің 300 маман тарту, жастарды дайындау мәселесі, кадрлық резерв ретінде. Бұл да ел ішінде қолдау табады деп ойлаймын.
Ибадулла Үмбетаев, Қазақ мақта ғылыми зерттеу институтының директоры:
Соның ішіндегі мен айтар едім өңірлерді дамыту бойынша Президентіміздің алға қойған мақсаты осы біздің Түркістан облысына өте қолайлы. Өйткені еліміздегі ең суармалы жердің көбі 550 мың гектардан астам жер осы облыста. Ал енді біз сол жерді тиімді пайдалансақ, сол жердің өнімділігін арттырсақ, суды пайдалану, дәлдік технологияларды пайдалану, цифрландыру бағытын жүргізсек, Түркістан облысында барлық дақылдардың өнімділігін 2,5 есе арттыруға болады.
Амангелді СЕЙІТХАН