Сарапшылар саяси үрдістерді талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар саяси үрдістерді талқылады

14.06.2019

Жаңа Президент білікті дипломат ретінде Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көпвекторлық саясатын жүйелі түрде жалғастырады. Ал халыққа ант беру салтанатында айтылған ішкі саясаттағы басымдықтар қоғамның барлық саласын қамтиды. Бұл  Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты сарапшыларының ортақ пікірі. Бүгін бір топ маман «Қазақстанның даму траекториясы: сабақтастық, әділдік, өрлеу» атты дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырып, өткен президенттік сайлаудың қорытындыларын талқылады. Сарапшылар кеше ғана айтылған тың бастамалар қазірдің өзінде жүзеге аса бастағанын айтты.

 

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

 

Кеше Білім және ғылым министрі ауыстырылды. Бүгінгі әлеуметтік экономикалық секторларға саяси менеджментті саяси басқару жастар толқынын әкелеміз. Сонымен қатар әлеуметтік секторда әсіресе аймақтарға мән беріледі. Себебі, бүгінде аймақтардың ахуалы бүкіл Қазақстанның толыққанды дамуына әсер етеді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу