Бұл саланың жұмысын жандандырып, жоғары сапалы өнімдер дайындауға мүмкіндік береді. Елордада өтіп жатқан көмір өнеркәсібі форумында сала мамандары осындай пікір білдірді.
Тау-кен және металлургиялық кәсіпорындар ассоциациясы салықтық жеңілдіктер жаңа өнімдер шығаруға жол ашады дейді. Мәселен 2018 жылы Қазақстанда 2 800 тоннаға жуық кокс және жартылай кокс өндірілген.
Бұл жалпы көмір өндірісінің 0,2 пайызын ғана құрайды. Кенді терең өңдеу жолға қойылса онда одан түсер пайда да артады. Былтырғы жылы елімізде жалпы 114 миллион тоннаға жуық қара алтынның кені өндірілді.
Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға көп. Ал экспорт көлемі 30 миллион тоннаға жуықтаған. Көмір өндіруші ірі компаниялардың мәліметінше алдағы 5-6 көмір өндіру көлемі еш кемімейді.
Сондай-ақ, жиын барысында қарапайым тұрғындар үшін көмірдің бағасын төмендету мәселесі де талқыға түсті.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ