Әлеуметтік төлемдер қайта қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік төлемдер қайта қаралады

12.06.2019

Әлеуметтік төлемдердің көлемі қайта қаралады. Бүгін Мәжіліс депутаттары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 

Елбасы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген құжат 2020 жылдан бастап мүгедектікке, асыраушысынан айрылуына және еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін орта есеппен 30%-ға арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін заң жобасында мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін 3 түрлі әлеуметтік төлемдерді тағайындау өлшемдерін қайта қарау көзделеді.

 

2018 жылғы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 5 жылдан көп уақыт қатысқан азаматтар саны 3 млн 400 адамға жеткен, сондықтан бұл өзгеріс төлем алушыларға оң әсерін тигізбек.

 

Шавхат Өтмемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жұмыс істейтін халықты өзінің еңбек қатынастарын тіркеуге ынтыландыратын болады.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу