Маңғыстауда полицейлер қайырымдылық акциясын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда полицейлер қайырымдылық акциясын бастады

12.06.2019

Маңғыстаулық полицейлер қайырымдылық акциясын бастады. Олар өңірдегі аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарттар үйіндегі қариялар мен жетім балаларға қажетті тұрмыстық жабдықтар тарту етуде.

Игі іс 23 маусым Қазақстан полициясы күні қарсаңында ұйымдастырылуда. Тәртіп сақшылары көмекке мұқтаж жандармен алдын-ала кездесіп, олардың сұрауы бойынша тұрмыстық техникалар апарды. Мысалы, қарттар үйінің тұрғындары кір жуғыш машина қажеттігін айтқан.

Полицейлер бұған қоса, қарияларды теңіз жағалауына серуенге шығарып, түскі асқа апаруды жоспарлайды. Акция аясында ішкі істер органдарының ардагерлері де назардан тыс қалмады. Әріптестері оларды кәсіби мерекесімен құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.

Нұржан Аққалиұлы, қарттар үйінің тұрғыны:

Біздерде күн сайын, жұмасына екі рет киім жуады, төсек-орнымызды тазалайды. Бұрын 4 кір машинасы бар еді, қазір соның екеуі сынып, екеуі істеп тұр. Мынадай 3 машина әкеліп берді. Мейірімділік, қайырымдылықтарына осы үйдің тұрғындарының атынан алғысымызды айтамын!

Әсима ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу