Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақадыр кентінде тұратын көпбалалы 11 отбасына кәсіпкер үй сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақадыр кентінде тұратын көпбалалы 11 отбасына кәсіпкер үй сыйлады

11.06.2019

Жомарт жан зәулім баспаналардың ішін жиһазға да толтырып берген. Үй ауласында шаруашылық нысандары бар. Ал, бау-бақша өсіргісі келетіндер үшін жер учаскесі жеткілікті. Қоныстой иелері мұндай тосын сыйды күтпесе керек, атымтай жомарт азаматқа дән риза.

Бұл отбасылардың басым дені 10 жылдан астам үй кезегінде тұрған. Бүгінгі күні Шет ауданында 40-тан астам көпбалалы отбасы бар. Биыл мұнда 32 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталмақ және келесі жылы екі бірдей көпқабатты үй тапсырылады. Ал жыл соңына дейін облыс бойынша 700 пәтер кезекте тұрған мұқтаж жандарға үлестірілмек. Олардың үштен бірі жергілікті кәсіпкерлердің тартуы.

Фарида Көмекова, Ақадыр кентінің тұрғыны:

2013 жылдан бастап кезекте тұрғанбыз. 15 жыл үйді жалға алып тұрдық. Үйді көрген соң, бәріміз қуанып жатырмыз. Өте тамаша екен, есіктің алды, ауласы да кең, балаларға ойнағанға қолайлы. Өте қуаныштымыз, көп-көп рахмет!

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу