Ақмола облысында мемлекеттік мекемелер беретін құжаттарға QR код енгізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында мемлекеттік мекемелер беретін құжаттарға QR код енгізілуде

11.06.2019

Мақсат – жемқорлықтың және жалған құжат дайындаудың алдын-алу. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті алғашқы жобаны агроөнеркәсіптік кешендегі

Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясында жүзеге асырды. Бұл мекеме елімізге шет елден келген ауыл шаруашылық өнімдерін тексереді. Талапқа сай келсе, кәсіпкердің қолына тиісті қағазды ұсынады. Алайда, осыған дейін бұл құжаттың ешқандай айырмашылық белгілері болмапты.

QR кодтың енгізілуі жалған нұсқасын жасауды барынша жояды. Өнімдерді сатушының да, сатып алушының да құжатты жылдам тексеріп, қажет болған жағдайда, ақпаратты растау үшін тиісті мамандарға қоңырау шалуға мүмкіндігі бар.

Бекежан Құрманғожин, агроөнеркәсіп кешеніндегі аймақтық инспекциясының басшысы:

Сатып алушы, мынау кәсіпкерлер сол QR кодты смартфондарынан қарап нақты дәлелді мәлімет ала алады. Сол QR кодтың ішіндегі мәліметті қарап, мекен-жайын анықтай алады, мемлекеттік инспектордың телефоны, облыстық инспекцияның сенім телефондары жазылады. QR код акт бізде толтырылғанын дәлелдейді.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу