Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңадан кәсіп ашқан немесе ашсам, деп жүрген азаматтарға арнап, «Шағын бизнеске арналған 100 бизнес-жоба» анықтамалығын жасап шығарды.
Бұл әдістемелік кітапшада 100-ге жуық бизнестің түрі көрсетілген. Сізге кәсіптің қай түрін ашқан дұрыс? Ол жағынан да көмек береді.
Мәселен, наубайхана ашпақ болдыңыз. Бұл бизнесті қанша ақшамен бастау керек, керек-жарақты қайдан алу қажет, бұл бизнес-жоба өзін қашан ақтайды, тауарды өткізудің жолдары қандай? Кітапшада осы сұрақтардың барлығы түсіндірілген.
Нұржан Әлтаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:
Бұл өте оңай. Ауыл тұрғындарына да үлкен көмек болады деп ойлаймыз. Жастарға бизнесін бастауға серпіліс береді.
Нұрбек БЕКБАУ