Аттракциондарды пайдаланудың жаңа стандарттары бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аттракциондарды пайдаланудың жаңа стандарттары бекітілді

07.06.2019

Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік туралы ұлттық стандарт бекітілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер айтты. Стандарт бойынша олардың жұмысына қадағалау жұмыстарын жергілікті атқарушы мекемелер жүргізеді.

Жаңа құжат бірінші шілдеден бастап күшіне енеді. Қазір балалардың дем алу орындарындағы әткеншектер мен батуттар техникалық регламент және пайдалану нұсқаулығының шеңберінде ғана жұмыс істеп тұр. Ал оларды толық қадағалайтын орган жоқ.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

Аттракциондардың қасында ауа температурасын өлшейтін термометр мен желдің жылдамдығын өлшейтін құрылғы болуы керек. Егер желдің күші шектен асып бара жатса, батуттың жұмысы тоқтатылуы тиіс. Сондай-ақ, олардың жерге бекітілу стандарттары да бар. Мұның бәрі техникалық регламентте де жазылған.

Хабарламаларға жазылу