Республика бойынша іздеуде жүрген 100 қылмыскер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика бойынша іздеуде жүрген 100 қылмыскер ұсталды

07.06.2019

Олардың барлығы маусымның 1-мен 5-і аралығында Республика бойынша өткен «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу шарасы кезінде қолға түскен. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов мәлім етті.

Түрлі рейд кезінде әкімшілік құқық бұзушылық, жол ережелерін бұзу, кәмілетке толмаған балалардың түнде көше кезуі сияқты деректер анықталған. Сондай-ақ, заңсыз сақталған 135 атыс қаруы тәркіленді. Полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтаудың 158 дерегін анықтап, 45 келіге жуық наша тәркілеген. Заң бұзғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақсат Байболов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

Барлық іс-шараға 18 мыңнан астам полиция қызметкері қатысты. Одан басқа 2 мыңнан астам қылмыс ізін суытпай ашылып отыр. Олардың 642-і бұдан бұрын жасалған қылмыстар. Оның ішінде, 5 адам өлтіру, 47 тонау және 2 қарақшылық.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу