Елімізде жемқорлыққа қарсы бірнеше жоба қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жемқорлыққа қарсы бірнеше жоба қолға алынды

07.06.2019

Мәселен, «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің өкілдері алматылық студенттердің арасында сауалнама жүргізген. Арнайы топ сыбайлас жемқорлыққа қатысты жастарға сұрақтар қойып, жауап алған. Енді олар соның нәтижесін әр оқу орнында жиын өткізіп, жариялауға кірісті.

Қазір Алматыда 39 жоғары оқу орны бар. Сауалнама қорытындысына сәйкес, студенттердің 74 пайызы жемқорлық жағдайларын кездестірмеген. Мамандардың сөзінше, бұл - өте жақсы көрсеткіш. Алайда кемшін тұстар да аз емес.

Қайыржан Ахметбекұлы, «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Негізгі мақсаты — білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайту, жасөспірімдердің сыйбайлас жемқорлыққа көзқарасын қалыптастыру.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу