Қызылордада қауіпті зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада қауіпті зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

06.06.2019

Зиянкестің 84 түрі анықталған. Соған сәйкес 121 мың 471 гектар жер уланады. Биыл химиялық емес, яғни, адамға зияны жоқ биологиялық препараттар қолданылуда. Мамандар, әсіресе, шегірткеден қауіптеніп отыр. Зиянкестің «Азиатка», «италиянка» деген түрлері аудандардың барлығында кездеседі.

Абай Айтбаев, облыстық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының басшысы:

Саяқ шегіртке шамалы көбейіп тұр. Азиялық шегіртке де. Шегіртке бір орында тұрмайды. Қозғалып кетеді. Біз кординаттармен береміз. Координаттар өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан артымыздан 3-5 күн ішінде техника келіп , улап тұруы керек.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу