Өткен ғасырдың 80-інші жылдары пайдалануға берілген, кез келген уақытта істен шығып, қайғылы оқиға болуы мүмкін.
Петропавлда 350 жеделсаты болса, оның 178-інің қолдану мерзімі аяқталған. Яғни техникалық қауіпсіздік ережелері бойынша олар мінуге болмайды. Ал жыл сайын олардың саны артып бара жатыр. 2011 жылдан бері 38 жеделсаты ғана жаңартылған екен.
Людмила Карматскихтің 9 қабатты үйде тұрып жатқанына 30 жылдан асты. Соңғы кезде кейуананың денсаулығы сыр берген. 5-ші қабатқа көтеріліп түсу зейнеткерге үлкен проблемаға айналды.
Людмила Карматских, қала тұрғыны:
Диагностика деп әр пәтерден 2000 теңгеден жинап алады. Сынып қала береді, оны жөндеуге де ақшаны біз төлейміз. Не тросы үзіледі, не моторы күйіп кетеді. Ішінде қалып қоймасақ, не құлап кетпесе жарар еді деп қорқып жүрміз.
Мамандардың айтуынша, жеделсатының жұмысына кепілдік 25 жылға ғана беріледі. Содан кейін, арнайы комиссияның шешімі бойынша қолдануға болады. Бірақ ескінің аты-ескі, істен шығып, жөндеуді талап етеді.
Мадияр Жангудин, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысы:
Қазір әлеуметтік саладағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қадағалау функциясын жергілікті атқарушы органдарға беру туралы заң жобасы қаралып жатыр. Сол күшіне енсе, жеделсатыларды ауыстыру, жөндеу бойынша тұрғындармен келісім жасап, қайтарымды несие беру мүмкін болады. Сол кезде ғана бұл жұмыстарды бастай аламыз.
Қаладағы жеделсатыларды жаңарту үшін 2 миллиард теңге қажет. Қазір тұрғын үй инспекциясы бірінші кезекте ауыстыруды қажет ететіндердің тізімін жасап жатыр. Алдағы уақытта жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жаңарту жұмыстары басталмақ.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ