Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіпке көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіпке көшеді

05.06.2019

Сайлауға байланысты құзырлы орган қызметкерлері 7-12 маусым аралығында қауіпсіздік шараларына ерекше мән бермек. Бұл оқыс жағдайлардың алдын алу үшін қолға алынып отыр.

Ішкі істер министрі 9 маусымда көпшілік орындарда полиция патрулі болатынын, сол күні қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полиция қызметкері жұмылдырылатынын айтты.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:

- Бұл біреуден қорғану үшін емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. 8 маусым - тыныштық күні, үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады, 9 маусым - сайлау, барлық жерлерде полиция патрульдері жұмыс істейді. Ал қазір қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл республика аумағында «Құқықтық тәртіп» операциясы өтіп жатыр. Ол 6 маусымға дейін жалғасады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу