Қызылордада жемқорлыққа қарсы жастар қозғалысы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жемқорлыққа қарсы жастар қозғалысы құрылды

05.06.2019

Белсенді жастар «Жемқорлықты жоямыз!» ұранымен жұмыс істейді. Арнайы спикерлер аудан, ауылдарды аралап, сыйбаластықты жою жөнінде түсіндірме жүргізеді.

Мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар туралы жәрмеңке өткізіп, кәсіби бағдарлану бойынша мамандар кеңес береді. Сондай-ақ, жастар қоғамдық бірлестіктеріне мемлекеттік сатып алу бойынша тегін семинарлар ұйымдастырылады.

Талғат Тілес, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы:

- Біздің жас ұрпағымыз саналы түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саналы иммунитетін қалыптастыруға үлкен ауқымды жұмыстар атқарамыз деп отырмыз. Ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды білім ордаларынан, яғни білім беру жүйесінен бастағалы отырмыз. Себебі біздің білім алатын жас ұрпақ ертеңгі Қазақстанның болашағы болып есептеледі.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу