Оралман мәртебесінің мерзімі ұзарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралман мәртебесінің мерзімі ұзарды

05.06.2019

Енді куәліктің уақыты аяқталған отандастар заңды түрде жыл аяғына дейін Қазақстан азаматтығын ала алады.

Мәселен, бүгінде Алматы облысында 9621 қандас тіркеуде тұр. Оның 3 мыңнан астамы құжат мерзімінің өтуіне байланысты азаматтық ала алмай жүр. Сондықтан, Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері бірлесіп, осы мәселені оңтайлы шешу ісін қолға алды.

Қазір 641 отандас құжат мерзімін ұзартты. Ал, оның 489-ы азаматтық алуға өтініш білдірді. Айта кетейік, бұрын қандастар 2 ай ішінде ықтияр хат, ал 3 айдың ішінде азаматтық алып үлгерулері керек еді.

Мұқан Мамытханұлы, «Отандас ел» республикалық-қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Міне, осы орайда пайдаланып, осы кісілердің жасап жатқан осы игі істерінен пайдаланып, уағында осы азаматтыққа құжаттарын тапсырса, нұр үстіне нұр болады. Бұл енді шетелден келген қандастарымызға өте үлкен бір жаңалық, жақсылық.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу