Елордада 150 анаға пәтер беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 150 анаға пәтер беріледі

04.06.2019

Көпбалалы аналарға арендалық пәтер беріледі. Шілденің 15-і мен тамыздың 1 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 150 көпбалалы ана 2-3 бөлмелі пәтерлерге қоныстанады. Бұл туралы бүгін қала әкімдігі хабарлады.

Қазірдің өзінде үйдің мекенжайы мен өзге де ақпараттары жазылған сертификаттарды тарату басталған. Бүгін әкімдік үй кезегінде тұрған аналарға телефон арқылы хабарласа бастаған. Сертификат қазір берілгенімен, құжаттарды тексеруге бір-екі апта уақыт қажет. Сондықтан да шілденің ортасына қарай тұрғындар қоныстана бастамақ.

Жалпы жыл соңына дейін әкімдік тағы мыңға жуық осындай жалға берілетін пәтерлерді үлестіреді. Екі бөлмелі пәтерлердің ауданы 50-55, үш бөлмелі пәтерлердің ауданы 85-90 шаршы метр шамасында болады. Оның ай сайынғы төлемі 6000-7000 теңгенің төңірегінде болмақ. Ал 2 пайыздық несиелік пәтерлерді беру тәртібі әзірге дайын емес. Белгілісі, алғашқы жарнаға қаржысы жетпейтіндерге әкімдік 1 миллион теңгелік 1000 қаржылай сертификат бермек. Дегенмен бұл бағдарламаның нақты тетіктері енді қабылданады. 

Ерлан Қаналимов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

Ол бағдарламаның ережесі бекітілді. Бірақ та банктің ішкі құжаттары дайын емес. Сондықтан да ол бағдарламаның жүзеге асуы маусымның 15-не дейін белігілі болады. Бірақ біздің есебіміз бойынша, ол бағдарлама маусымның 15-і мен шілденің бірі аралығында іске қосылуы керек.

Хабарламаларға жазылу