Екібастұзға Нұр-Сұлтан қаласынан 19 отбасы көшіп барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзға Нұр-Сұлтан қаласынан 19 отбасы көшіп барды

03.06.2019

Кеншілер мен энергетиктер шаһары - Екібастұзға Нұр-Сұлтан қаласынан тағы көпбалалы 19 отбасы көшіп барды. Оларға жаңа салынған көпқабатты үйден үш бөлмелі пәтер берілді. Екі апта бұрын дәл осы үйге елордалық 35 отбасы қоныстанған болатын. Бұл жолы баспана кілтін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев табыстады.

Қоныс аударушылардың балалары балабақшаға тегін орналасады. Мектепке қажетті құрал-жабдықтар алуға көмек көрсетіледі. Бұл - «Нұрлы Ертіс» аймақтық бағдарламасының игілігі. Алдағы уақытта мұндай тәжірибе еліміздің басқа да аймақтарында іске асырылмақ

Ерлан Каналимов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

- Ең бастысы, бұл жерде жұмыспен қамтылады бәрі. Мына үйлер кең қылып салынған. Үш бөлмелі үйлер бәрі. Осы бағдарлама біткен соң, 2 бөлмелі пәтерлерге көшіре бастаймыз тағы. Басқа да өңірлермен араласып, жұмыс бастаймыз.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу