Алматы облысында биылғы жылдың бірінші тоқсанында 3700-ден астам мүлік тонау фактісі тіркелген. Оның 800-ге жуығы - пәтер ұрлығы. Облыстық полиция департаменті осындай қылмыспен күресте пәтер иелері кооперативтерін белсенді болуға шақырды.
Бүгінде Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйлерге 500-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылған. Қоғамдық орындар мен ойын алаңдарының да 98 пайызында камера бар. «Дегенмен, аудандарда мәселені пысықтау керек», - дейді департамент басшылары.
Марат Күштібаев, Алматы облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы:
- Бүгінгі күні өте күрделі мәселелер шешілді. Мұндай кездесулер бұдан әрі облысымыздың барлық аудан орталықтарында және үлкен елді мекендерінде өткізіледі.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ