Қарағандыда көпбалалы 86 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда көпбалалы 86 отбасы баспаналы болды

03.06.2019

Олардың барлығы - ұзақ жыл үй кезегінде тұрған жанұялар. Қоныс той иелеріне келешекте қаланың әкімшілік орталығы болатын жаңа мөлтек ауданнан пәтер бұйырды. Күзге қарай осы маңда 1200 балаға арналған жаңа мектеп ашылады. Бұған қоса бірнеше әлеуметтік нысан салынып жатыр.

Осындай инфрақұрылымы дамыған ауданнан үй алғандарына көпбалалы аналар аса қуанышты. Қазір қала бойынша 1500 жанұя атаулы әлеуметтік көмекке іліккен. Бала-бақшаға жеңілдік жасалып отыр. Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың балалары спорт секциялары мен жазғы лагерьлерге тегін барады.

Әния Оразбекова, қала тұрғыны

- Бұл үйді мен күткелі 7 жылдан асты. Мен 2012 жылдан бастап кезекке тұрдым. Қиыншылық көрдік, әрине. Қиыншылықсыз үй алынбайды. Аман-есен үйге қолжеткіздік. Соған қуаныштымын.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу