Елордада дарынды да дара жеткіншектер бүгін құрметке бөленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада дарынды да дара жеткіншектер бүгін құрметке бөленді

31.05.2019

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Парламент Сенатының депутаты, Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Айтпаева елордада таланты, талапты балалармен кездесіп, алдағы мейрамдарымен құттықтады. Сондай-ақ, шара барысында омбудсмен еліміздің өзге де аймақтардың балаларымен бейне байланысқа шықты. Бұл балғындар жастары кіші болғанымен, үлкен істерді атқарып келеді. Аймақтық, республикалық, халықаралық сайәыстарда жеңімпаз атанып, әлеуметтік және шығармашылық жобаларды жүзеге асырып жүр.

Сәуле Айтпаева, ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

Бұл мереке – бүкіл әлем мен мемлекеттер үшін маңызды мереке. Айтулы мерекемен тұспа-тұс келген іс-шарамыз мемлекеттік саясатта бала мәселелерінің басымдылығын сөзсіз мойындау тұрғысынан символдық және елеулі оқиға болып табылады. Бұл күні барлығы балалардың өмірін жақсартуға, балалардың құқытарын қорғауға және олардың әлеуетін іске асыруды қолдау үшін күш-жігері дайын екендігін көрсетеді. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу