Ақмола облысындағы Щучинск-Зеренді тас жолының құрылысы биыл аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы Щучинск-Зеренді тас жолының құрылысы биыл аяқталады

31.05.2019

Жөндеу жұмыстарымен Парламент Мәжілісінің депутаттары танысты. 3 жылдық жобаға 15 миллирад теңге бөлінген. Бүгінде оның 11,7 миллиарды игеріліп, жұмыстың 85 %-ы аяқталды. Мәжіліс депутаттарына, аймақтағы туризм саласының дамуы жайлы да баяндалды. Өткен жылдан бері, жол жиегінде орналасқан нысандардың сапасын жақсарту бойынша кешенді шаралар қолға алынған.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Демалушылар алдында әлі де кедергілер бар. Жергілікті жолдар әлі дже нашар. Сондықтан, түрлі ғимараттарды соғып, туристерге жағдай жасаймыз дейміз, бірақ, ең әуелі осыған көңіл бөлгеніміз дұрыс сияқты.  Мен жолдың барлығы быт-шыт болып жатыр демеймін, дегенмен кемшіліктер бар.

Марат Иғали, Ақмола облысының әкімі:

Нұр-Сұлтаннан келетін туристер Зерендіге бару үшін Көкшетау арқылы тағы 2 сағат жол кететін еді. Биыл тамызда ашылғаннан кейін тікелей барады. Қазіргі ақпарат бойынша, 50 мың турист барады.  Жол картасын Зеренді ауданы бойынша қабылдадық. Сол жол картасы бойынша біздер 5 жылдың ішінде 500 мыңға өсіреміз деп отырмыз. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу