«Қазпошта» жаңа жобаны іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазпошта» жаңа жобаны іске қосты

30.05.2019

«Қазпошта» АҚ қанатын кеңге жайып, жаңа жобаны іске қосты. Енді сәлемдеме алу, жіберу, коммуналдық төлемдер, салық төлеу, теміржол билеттерін сатып алу үшін пошта бөлімшелеріне барудың қажеттігі жоқ. Бұл қызметті өз ауданыңызға жақын поштаның сауда нүктелерінде жүзеге асыра аласыз.

«Қазпошта» ел бойынша 150 кәсіпкермен келісімге келіп, ауылдар мен қалаларда 224 орын ашып қойды. 3-4 тағы 1500 нүкте ашуды көздеп отыр. Мұндай жолды таңдаудың өз себебі бар. Жылдан-жылға ұсынушы саны көбейіп келеді. Әрі шетелден тауар, сәлемдеме алдыру да артқан. «Халықты ұзын-сонар кезекте тұрғызбай, қызмет сапасын арттыру үшін филиал саны көбейту керек. Ал бұл - үлкен шығын», - дейді басқарма төрағасы.

Сәкен Сәрсенов, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:

- Көптеген жерде франчайзинг нүктелерін ашпақпыз.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу