Қостанай облысында мемлекеттік сатып алу саласында 60-тан астам заңбұзушылық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында мемлекеттік сатып алу саласында 60-тан астам заңбұзушылық анықталды

30.05.2019

Өткен жылы Қостанай облысында мемлекеттік сатып алу бойынша 60-тан астам заңбұзушылық анықталыпты. Соның кесірінен 2 млрд теңге мемлекет қаржысы желге ұшқан. Жыл өткен сайын жағдай жақсарудың орнына күрделеніп барады. Биыл 5 айда 80-нің сыртында заңбұзушылық тіркелген. Осылайша мемлекеттік сатып алу нағыз жемқорлықтың өзегіне айналып отыр.

Мердігерлерге тендерді ұтып бергені үшін қазына қаржысын қымқырып қалуды лауазымды тұлғалар әдетке айналдырған. Қостанайда қоғамды дендеген дертке тосқауыл қоюдың жолдарын қарастырған семинар өтті. Жемқорлықты азайтудың бір тәсілі - осы іске қатысы бар қызметкерлердің құқықтық сауатын арттыру. Сондай-ақ, бүгінде тендер өткізуші лауазым иелерінің саны 2,5 мыңнан асып кеткен.

Салауат Мүксімов, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы:

 - Ол әрине бақылауды қиындатады. Қысқарту керек. Мысалы, бұған мектеп директоры, аурухана, басқа да бюджеттік мекемелер қатысады. Біздің ойымыз – мұғалім оқыту керек, дәрігер емдеу керек.

 Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу