Оралда кәріз құбыры жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда кәріз құбыры жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалды

30.05.2019

Он жыл бұрын ғана салынған магистралды коллектордың бір бөлігі істен шықты. «Сол кезде жұмыс сапасыз жасалған», - дейді қала басшылығы.

Апатты жағдайдан соң қаланың тең жартысында ыстық және салқын су беру тоқтатылып, қалған бөлігінде су қысымы төмендетілді. Қазір оқиға орнында 70 адам 40 техникамен екі ауысымда жұмыс істеуде. Төтенше жағдайлар жөніндегі штаб құрылды. «Екі-үш күнге дейін су тапшылығы болады», - дейді мамандар. Қазір ауызсу әр шағынауданға тасымалмен жеткізіліп жатыр.

Мұрат Мұқаев, Орал қаласының әкімі:

- 2009 жылы салынған кәріз жүйесі сапасыз болғандықтан, шыны талшықтар езіліп, толық істен шыққан. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасымен жобаның құны 3 млрд теңге құрайтын болса, 1 млрд 200 млн теңгесі бөлінді. Алдағы шілде-тамыз айларында бұл кәріз жүйесінің 6 шақырымының жөндеу жұмыстары басталады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу