Өткен жылы Павлодар облысында 24 адам суға батып қайтыс болды. Олардың 8-і - балалар. Ал, биылғы маусымда кез-келген жерге суға түскен адам 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бұндай жаза қолдану үшін облыстық әкімшілік арнайы қаулы шығарды. Онда адамдардың шомылуына арналған 17 коммуналдық аумағы нақты көрсетілген. Ертіс жағасында күнге қыздырынып жатуға қолайлы басқада жерлер баршылық. Бірақ ол тұстарда ағын қатты және суы – терең.
Самат Асайынов, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының міндетін атқарушы:
Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 364-бабына сәйкес, тыйым салынған белгі қойылған жерлерде суға түсуге болмайды. Қазір облыстың барлық қала, аудандарында жергілікті әкімшіліктер сондай қауіпті жерлерді анықтап, тізім жасады. Біз рейд жүргізіп тәртіп бұзғандарды жауапқа тартамыз. Айыппұл төлейтін болады.
Болат АМАНБАЕВ