Ғаламторда ақтаулық үш баланың сатылатыны туралы жарнама жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғаламторда ақтаулық үш баланың сатылатыны туралы жарнама жарияланды

28.05.2019

Ақтауда бала сатушы анықталды. Туған 3 бауырын 100 млн-ға бағалаған 10 жасар жеткіншек болып шықты.

Кеше сайттардың бірінде «Үш бала сатылады, құны 100 млн теңге» деген хабарландыру жарияланған. Оған қоса жарнамада балалардың суреті бейнеленді. Мұны көрген ел жағасын ұстап, полицияға және БАҚ өкілдеріне хабарласқан. Тәртіп сақшылары көп ұзамай жарнама берушіні тапты. Жеткіншек інілерін әзілдеп сатпақшы болғанын айтқан.

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Полиция бұл ақпаратты тексеріп, нәтижесінде ол сол отбасының 10 жастағы баласы болып шықты. Бала фотосуретті қойған. Ата-аналары бұл туралы білмеген. Кейінірек хабарлама алынып тасталды. Полиция қызметкерлері баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу