Нөсер жауыннан мал қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нөсер жауыннан мал қырылды

27.05.2019

Маңғыстау облысында  нөсер жауыннан 200-ге тарта уақ мал қырылып қалды. Қой мен ешкінің шығыны бірнеше ауылда тіркелді. Мамандардың айтуынша, өрістегі мал – бұршақтың астында қалған.  

Бұршақтың  көлемі  жұдырықтай болды,- дейді куәгерлер.  Оқиғаға байланысты арнайы  комиссия құрылып, шығынды есептеуде. Ветеринарлар зерттеу жұмысын жүргізді. Жалпы, мұндай келеңсіз жағдай өңірде алғаш рет тіркеліп отыр.   

Нұрсұлтан Дүйсебек, jблыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Өлген малдардан потология – анатомиялық жарып сою жасап, биологиялық сыналар алып, сол күні облыстық ветеринарлық зертханаға жеткізілді. Қазіргі таңда облыстық ветеринарлық зертхананың хабарлауы бойынша, тапсырылған биологиялық сынамалардан қандай да бір жұқпалы аурудың қоздырғыштары анықталған жоқ. 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу